525

Оралда көлік Мәншүк Мәметованың ескерткішіне барып соғылған

26 шілде күні шамамен 16:00-де Volkswagen Passat CC автокөлігі қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатып, Мәншүк Мәметова ескерткішінің тұғырына соғылды. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.
Фотография - Оралда көлік Мәншүк Мәметованың ескерткішіне барып соғылған

26 шілде күні шамамен 16:00-де Volkswagen Passat CC автокөлігі қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатып, Мәншүк Мәметова ескерткішінің тұғырына соғылды. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

Куәгерлердің айтуынша, автокөлік Достық-Дружба даңғылының бойымен келе жатқан. Жылдамдықты асырып жіберген автокөлік бағдаршамнан тура өтіп, бордюрге соғылған, кейін ескерткіш тұрған алаңға барып бір-ақ тоқтаған. Алайда инерцияның әсерінен одан әрі қозғалып, ескерткіштің тұғырына соғылды.

 

 

uralskweek.kz

Загрузка...