Ақмола облысында мешіттен садақа жәшігі ұрлап кеткен

Фотография - Ақмола облысында мешіттен садақа жәшігі ұрлап кеткен

Ақмола облысының Ақкөл ауданында белгісіз біреулер мешіттен садақа салатын жәшікті қолды еткен.

293 0

Ақмола облысының Ақкөл ауданында белгісіз біреулер мешіттен садақа салатын жәшікті қолды еткен.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінен мәлімдегендей, мешіттегі садақа салуға арналған жәшік 25-нен 26 шілдеге қараған түні жоқ болып кеткен. Оқиға туралы полицияға жергілікті имам хабарлапты.

«Бізге имам қоңырау шалып, жәшіктің 25 шілде күні сағат 23:00 мен 26 шілде таңғы 10:00 аралығында жоғалғанын айтты. Белгісіз біреулер мешітке терезе арқылы еніп, ұрлап кеткен», - дейді департамент баспасөз қызметінің қызметкері Нұржан Дүйсембинов.

Қолды болған жәшікте қанша сома жатқаны белгісіз. Тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар азаматтарды анықтауға кірісіп кетті. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 2-тармағы негізінде қылмыстық іс қозғалды», - деп аяқтады сөзін Дүйсембинов.

 

 

BNews.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!