Қызылордада есірткі сатушы 10 жылға сотталды

Фотография - Қызылордада есірткі сатушы 10 жылға сотталды

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

309 0

Қызылордада  есірткі затын заңсыз сақтап, бір сіріңке қорабын 1000 теңгеден аудан тұрғындарына сатумен айналысқан Н. есімді азамат 10 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

ІІБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында сотталушының үйін тінту кезінде сотталушының тұрғын үйінен, үстіне киген киімдерінен, жем сақтайтын сарайынан, гараж ішіндегі мұздатқыштан жасыл түсті, ерекше иісі бар, шөп ұнтақтары аса ірі мөлшердегі марихуана есірткі заттары анықталып, айғақты зат ретінде алынған.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылдың 23 шілде күнгі үкімімен ол Қазақстан Республикасы ҚК-тің 297 бабының 3 бөлігінің 3 тармағымен кінәлі деп танылып, 10 (он) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!