Зырян ауданында терроризмді насихаттаумен айналысқан әйел ұсталды

Фотография - Зырян ауданында терроризмді насихаттаумен айналысқан әйел ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері шетелдегі соғыс қимылдарына қатысу үшін адамдарды үгіттеген күдікті жергілікті тұрғынды тұтқындады.

310 0

 Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері шетелдегі соғыс  қимылдарына қатысу үшін адамдарды үгіттеген күдікті жергілікті тұрғынды тұтқындады.

ҚР ҰҚҚ ШҚО бойынша департаментінің ақпаратына сүйенсек, әйел терроризм мен діни экстремизм идеяларын белсенді насихаттап, Зырян тұрғындарын халықаралық террорлық ұйым жағында соғыс қимылдарына қатысу үшін үгіттеуге тырысқан. Бұл жағдай тергеуге себеп болды.

 «Ұсталған әйел қылмыстық әрекеті  бірден бірнеше бап бойынша күдікті деп танылды: ол ҚР ҚК 256-бабы, бірінші бөлімі,  28-бап төртінші бөлімі, 257-бап екінші бөлімі», - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Сондай-ақ әйелден діни экстремизмді насихаттайтын тыйым салынған кітаптар, аудио- және бейне материалдар тәркіленді.

 

 

YK-news.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!