Ақмола облысында есірткі шегіп алған автобус жүргізушісі ұсталды

Фотография - Ақмола облысында есірткі шегіп алған автобус жүргізушісі ұсталды

Ақмола облысында есірткі шегіп алған автобус жүргізушісі ұсталды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

201 0

Ақмола облысында есірткі шегіп алған автобус жүргізушісі ұсталды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Облыс аумағында жүргізілген республикалық «Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында ІІД жол-патрульдік батальонының полицейлері «Астана-Петропавл» тас жолының 312 шақырымында «Hyundai» автобусын тоқтатып, тексеру кезінде көлік жүргізушісінің есірткіге масайғаны байқалды.

Кейін Көкшетау қаласындағы медициналық тексеру барысында нарколог дәрігер жүргізушінің «марихуананы қолданған есірткілік мастықта» болғанын дәлелдеп берді.

Қазіргі кезде аталған көлік жүргізушісіне қатысты факті ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл өз кезегінде есірткі шегіп алған автобус жүргізушісінің үш жылға бас бостандығынан айырылуын білдіреді.

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!