Алматы полициясы 8 және 5 жасар баланы іздестіріп жатыр

Фотография - Алматы полициясы 8 және 5 жасар баланы іздестіріп жатыр

2008 жылы туылған Александр Нахаев пен 2010 жылы туылған Полина Нахаева 28 шілдеде Медеу ауданындағы саяжайлардың бірінде орналасқан үйінен шығып кеткен.

404 0

Алматы полициясы осыдан төрт күн бұрын жоғалып кеткен 8 және 5 жасар баланы іздестіріп жатыр. 2008 жылы туылған Александр Нахаев пен 2010 жылы туылған Полина Нахаева 28 шілдеде Медеу ауданындағы саяжайлардың бірінде орналасқан үйінен шығып кеткен. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Содан балалардан хабар жоқ.  Бүлдіршіндер үйде ата-анасының қарауынсыз отырған.

Анасы балалардың жоғалғаны туралы полицияға 2 тәуліктен соң хабарлады. Осыған дейін ол бүлдіршіндерді туысқандары алып кетті деген сенімде болған.

Бойы 120 см болатын ер бала көк қысқажең кеудеше мен көк джинсы, көк кроссовки киіп жүрген. Тілінің сәл мүкістігі бар.

Қыз бала ақ кеудеше мен көк юбка, қоңыр аяқ киім киіп жүрген. Бойы 110 см қарайлас. Тілінің сәл кемістігі бар.

"Қазір балаларды іздеуге қаланың барлық полицейлері атсалысып жатыр. Қалалық полиция балаларды көрген куәгерлер болса, Қабанбай батыр, 93 мекенжайында орналасқан Медеу аудандық ІІБ-на келіп, немесе 254-48-40; 254-48-02; 8-702-6666044 немесе 102 телефондарына хабарласуын өтінеді", - деді баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!