Маңғыстауда түйе мен көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Фотография - Маңғыстауда түйе мен көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Маңғыстау облысында жол апатынан ер адам қаза тауып, тағы 3 адам түрлі ауырлық деңгейдегі жарақат алды.

307 0

Маңғыстау облысында жол апатынан ер адам қаза тауып, тағы 3 адам түрлі ауырлық деңгейдегі жарақат алды. Полиция мәліметтеріне қарағанда, көлікте болған ер адамдар мас болған.
Жол апаты Бейнеу-Атырау тас жолында орын алған. Toyota Hilux көлігінің 36 жастағы жүргізушісі жолға шығып бара жатқан түйеге соғылып, көлігі аударылып кеткен.

Жол апаты салдарынан 34 жастағы жолаушы көз жұмды. Көліктің жүргізушісі түрлі жарақаттармен Бейнеу аудандық ауруханасына жатқызылды. Полиция  апат кезінде жүргізушінің мас болғанын анықтады, деп жазады  lada.kz

Сондай-ақ ЖКО кезінде 35 пен 36 жастағы  екі жолаушы да ішімдік ішкен.  Олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Апат бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде .

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!