442

Көкшетауда ер адам үйімен бірге өртеніп кетті

Көкшетауда 49 жастағы ер адам үйімен бірге жанып кетті.
Фотография - Көкшетауда ер адам үйімен бірге өртеніп кетті

Көкшетауда 49 жастағы ер адам үйімен бірге жанып кетті. 

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Өрт 1 тамыз күні түнгі сағат 04:38 минут шамасында Көкшетау қаласындағы Абай көшесінің бойында орналасқан жеке меншік үйде болған. 

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 27 адам мен 9 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Оқиға орнынан 1966 жылғы ер адамның мәйіті табылды.

Загрузка...