Ақмола облысында суға батып кеткен 3 адамның мәйіті табылды

Фотография - Ақмола облысында суға батып кеткен 3 адамның мәйіті табылды

Ақмола облысында демалыс күндері суға батып кеткен 3 адамның мәйіті табылды.

129 0

Ақмола облысында демалыс күндері суға батып кеткен 3 адамның мәйіті табылды.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Тамыздың 1-і күні сағат 17:15 минут шамасында Ақылбай ауылында Кіші шабақты көліне шомылмақ болған 1966 жылғы ер адам суға батып кеткен. Іздестіру шарасына ТЖД жедел құтқару отрядының жеке құрамынан 4 қызметкер және 1 суда жүзу құралы жұмылдырылып, екі сағаттың ішінде ер адамның мәйітін жағаға алып шықты.

Сондай-ақ 2 шілде күні Зеренді ауданының Садовое селосында Шағалалы өзеніне батып кеткен 18 жастағы бойжеткеннің денесі табылды. Сондай-ақ дәл осы күні Целиноград ауданының Караөткел ауылында Қарасу өзеніне суға батып кеткен Астана қаласының тұрғыны 6 жастағы баланың денесі шығарылды» делінген хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!