960

Таразда пәтер тонаушы қолға түсті

Тараз полицейлері қала тұрғындарына екі млн теңгеден астам шығын келтірген ұрыны қолға түсірді.
Фотография - Таразда пәтер тонаушы қолға түсті

Тараз полицейлері қала тұрғындарына екі млн теңгеден астам шығын келтірген ұрыны қолға түсірді.

"Таразда бірнеше пәтерді тонаған 22 жастағы Г.есімді азамат құрықталды. Белгілі болғандай, күдіктінің бұған дейінгі 8 қылмысқа қатысы бар болып шықты", - делінген Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полициядан нақтылағандай, ол Тараз тұрғындарына екі ай ішінде екі млн теңгеден аса материалдық шығын келтірген.

Ұсталған жігіттің үстінен ҚР ҚК 188-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда ол тергеу абақтысында отыр, тергеу жүргізілуде.

 

BNews.kz.

 

Загрузка...