Алматыда сел кезінде қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқан азамат өзгелерді көмекке келуге ынталандырғысы келген (бейне)

Фотография - Алматыда сел кезінде қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқан азамат өзгелерді көмекке келуге ынталандырғысы келген (бейне)

Алматыда сел кезінде қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқан азамат осы арқылы өзгелерді зардап шеккендерге көмекке келуге ынталандырғысы келген, деп хабарлайды Today.kz.

432 0

Алматыда сел кезінде қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқан азамат осы арқылы өзгелерді зардап шеккендерге көмекке келуге ынталандырғысы келген, деп хабарлайды Today.kz.

Редакция күдіктіні тергеу кезіндегі түсірлген бейнежазбаға қол жеткізді. Ер адам жалған ақпарат таратқан үшін қылмыстық жаза болатындығын білмегенін айтады.  

 "Мен басында адамдарды көмекке келуге ынталандырар пост жасағым келді. Өйткені көпшілік қыдырып, демалып жүреді де кейбіреулерге көмек керегін ойламайды да. Осы арқылы өз достарым мен таныстарымды көмекке келуге шақырмақ болғам. Жұмыс қолы жетпей жатты, қыдырып, қызықтап жүрудің орнына олар келіп жақсы іс жасасын деп ойладым. Неге сол төрт мәйіт туралы жазғанымды өзім де білмейм", – дейді ол.

Естеріңізге салсақ, күдікті әлеуметтік желілерде сел салдарын тазалау кезінде төрт адамның мәйіті табылғаны туралы жалған ақпарат таратқан. Бұл факт бойынша Ішкі істер департаменті ҚР ҚК 274 бабының 2-тармағы "ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану арқылы жалған ақпарат тарту" бойынша қарастырылған сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Берілген бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!