Алматыда "Qiwi" терминалы арқылы есірткі сатқан екі бірдей топ ұсталды

Фотография - Алматыда "Qiwi" терминалы арқылы есірткі сатқан екі бірдей топ ұсталды

Алматыда арнайы операция кезінде есірткіні жеткізушілер, ұйымдастырушылар, делдалдар мен тұрақты тұтынушылар анықталды

186 0

Алматыда арнайы операция кезінде есірткіні жеткізушілер, ұйымдастырушылар, делдалдар мен тұрақты тұтынушылар анықталып, 27 грамм кокаин мен психотропты дәрінің 40 шақты түйіршігі тәркіленді.

Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің басшысы Сұлтан Күсетовтің айтуынша, шара барысында психотроптық дәріні пайдаланған 11 адам анықталған. Оның үшеуі – ер адам, өзгесі – өрімдей қыздар. Есірткіге еліткен жастардың дені – жоғары білімді азаматтар. Тіпті шетелдік әйгілі оқу орындарын бітіргендері де бар. Абырой болғанда, түйіршікті жұтып үлгерген бір қызға сол жерде шұғыл медициналық көмек көрсетілген. Қазір аталған іс бойынша төрт бірдей қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сұлтан Күсетов, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің басшысы:

- Ғаламторда "Кокс" сайты арқылы есірткі сатылатынын жасырын мәтінмен жазып отырған. Тексеріс кезінде бәрі әшкере болды. Қазір аталған сайт жабылды. Сондай-ақ есіртікі саудасы кезінде ақшаны арнайы есепшотқа аударып отырған. Оған үш миллион теңге аударылғаны анықталды.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті 7 айдың ішінде 2123 қылмыстың бетін ашып, заңсыз саудамен айналысқан 3322 адамды анықтаған. Нәтижесінде 25 тонна 625 кг есірткі тәркіленді. Сондай-ақ 30-дан астам ұйымдасқан топ қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 

 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!