"Альянс банк" ісі бойынша күдіктілер ақшаның жартысын қайтарды

Фотография - "Альянс банк" ісі бойынша күдіктілер ақшаның жартысын қайтарды

"Альянс банк" АҚ Экс-қызметкерлері, банктің қаражатын жымқырды деген іспен күдікті ретінде өтіп жатқан күдіктілер, өз еркімен ақшаның бір бөлігін қайтарды, деп хабарлайды Today.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

215 0

"Альянс банк" АҚ Экс-қызметкерлері, банктің қаражатын жымқырды деген іспен күдікті ретінде өтіп жатқан күдіктілер, өз еркімен ақшаның бір бөлігін қайтарды, деп хабарлайды Today.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының мекемеаралық жедел-тергеу тобымен "Альянс банк" АҚ бұрыңғы қызметкерлеріне қатысты бірнеше қылмыстық іс тергелуде, олар: ұрлық фактісі, алаяқтық пен банктің қаражатын заңсыз пайдалану. Қазіргі уақытта күдіктілер өз еркімен ақшаның бір бөлігін қайтарды", – делінген Бас прокуратура хаттамасында.
Басқада ақпараттар тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты айтылмаған.
Белгілі болғандай, 2013 жылы "Альянс банк" финанстық полицияға банктің топ-менеджерлеріне қатысты шағым түсірген. Олар банктің экс-басқарушысы Жомарт Ертаевтың атына заңсыз түрде қайтарылмайтын кредит алып берген тәрізді.
2014 жылы Жомарт Ертаев банкке екі миллион доллардай қаражатты қайтарған. Соның өзінде дұрыс емес жасалған, әрі кепілге қойылмаған,  мерзімі асқан үш кредиті болған.
Кейінрек ҚР Бас прокуратурасы Жомарт Ертаевты меншіктеу жолымен басқаруына берілген біреудің мүлкін ұрлады және де ысырап етті деген ақпарат таратқан болатын.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!