Ресейде әйелі мен балаларын өлтірген күдікті ұсталды

Фотография - Ресейде әйелі мен балаларын өлтірген күдікті ұсталды

Ресейдің Төменгі Новгород қаласында алты баласы мен әйелін өлтірді деген күдік таңылған тұрғыны ұсталды.

191 0

Ресейдің Төменгі Новгород қаласында алты баласы мен әйелін өлтірді деген күдік таңылған тұрғыны ұсталды. Ол қолға түсер кезінде бүйрегінен жарақат алды. Бұл туралы ras.kz хабарлады.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, күдікті Владимир облысының Коврово қаласындағы бақтың үйшігінде тығылып жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл баспана оның енесінікі болған. Күдіктіні ұстау операциясына арнаулы бөлім жауынгерлері қатысты.  Белов олардың біріне пышақ алып ұмтылған. Сол кезде сарбаз оның шабуылын қайтару үшін оқ атқан. Күдікті сосын ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Тергеу комитетінің өкілі Владимир Марков: "Күдіктінің тергеу комитеті, ішкі істер министрлігі және федералды қауіпсіздік қызметі жауынгерлерінің қатысуымен жасалған операция барысында ұсталды", – деді. Сондай-ақ, ол: "Қазіргі кезде онымен тергеу амалдары жасалып жатыр. Қылмыстық іс жалғасады", – деп мәлімдеме таратты.

Күдікті Олег Беловқа Төменгі Новгородтағы пәтерінде 4 тамыз күні өзінің алты баласы мен ішінде бес айлық баласы бар екіқабат әйелін өлтіріп, оларды бөлшектеп тастаған, деген айып тағылмақшы. Сол күні гороховец қаласындағы бір үйдің есігі алдында тағы бір әйелдің – болжаммен Беловтың анасының да мәйіті табылған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!