596

Жамбыл облысында қарасора плантациясы табылды

Аталған фактінің материалдары Жамбыл облысына қарасты Меркі аудандық ІІБ-нің қызметкерлеріне тапсырылды.
Фотография - Жамбыл облысында қарасора плантациясы табылды

Оңтүстік аймақтық басқармасы Тараз шекара жасағының С.Шәкіров атындағы заставасының шекарашылары Меркі аудандық ІІБ-нің қызметкерлері, ауылшаруашылық бөлімінің жұмыскерлерімен рейд өткізу барысында мемлекеттік шекара желісінен 10 шақырым жердегі «Шошқалы» шатқалында қарасора егілген жерді анықтады.

Қоршалған егістіктен 500-ге жуық түп өсірілген қарасора алынды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінен.

Аталған фактінің материалдары Жамбыл облысына қарасты Меркі аудандық ІІБ-нің қызметкерлеріне тапсырылды. 

 

 

ҚазАқпарат

 

Загрузка...