"Алма-Ата" дәмханасында жазғы алаң өртке оранды

Фотография - "Алма-Ата" дәмханасында жазғы алаң өртке оранды

Өрт Құлжа тас жолы мен Рысқұлов даңғылының қиылысында орналасқан дәмханадан шыққан. Өрт сөндірушілерге төтенше жағдай туралы хабар сағат 10:26-да келіп түсті.

100 0

Алматыда "Алма-Ата" дәмханасының жазғы алаңы өртке оранды, деп хабарлайды BNews.kz. Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған.

Алматы ТЖД баспасөз қызметінен мәлімдегендей, өрт Құлжа тас жолы мен Рысқұлов даңғылының қиылысында орналасқан дәмханадан шыққан. Өрт сөндірушілерге төтенше жағдай туралы хабар сағат 10:26-да келіп түсті.

"Алма-Ата" дәмханасындағы өрт 10:54-те ауыздықталды. Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты жайпаған. Оқиға орнында 4 дана техника жұмыс істеді", - деп мәлім етті ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.


Тегтер:

өрт дәмхана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!