Алматы маңында бөлшектенген ер адамның мүрдесі табылды

Фотография - Алматы маңында бөлшектенген ер адамның мүрдесі табылды

Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылы маңында Қаскелең өзенінің бойынан ер адамның бөлшектенген денесі табылды. Полиция алдымен оның денесін тапқан.

252 0

Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылы маңында Қаскелең өзенінің бойынан ер адамның бөлшектенген денесі табылды. Полиция  алдымен оның денесін тапқан. Кейін қылмыс болған жерден  500-700 метр қашықтықта өзеннен қапқа салынып өртелген басы табылды.

Қанды оқиға тамыздың 3-інде орын алған. Жедел-тергеу шаралары барысында анық болғандай, 28 және 24 жастағы ер адамдар кешкі 9-дарда ішімдік ішіп, бірге отырған. Кейін екеуінің арасында өзара жанжал пайда болған.

24 жастағы ер адам екіншісіне пышақ сұғып алған. Содан соң әлгінің денесін бөлшектеп тастаған. Өзінің қылмысын жасыру мақсатында ол  денені өртеп жібереді. Кейін басы мен қылмыс қаруы пышақты қапқа салып, өзенге ағызып жіберген.

Қазір 24 жастағы күдікті ұсталды. Өзінің қылмысын толығымен мойындады.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысы Іле ауданының ІІБ қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде», - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Жанар Төлегенқызы.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!