Көкшетауда 82 жастағы қейуана 4-ші қабаттан құлап, қаза тапты

Фотография - Көкшетауда 82 жастағы қейуана 4-ші қабаттан құлап, қаза тапты

100 0

Көкшетауда 82 жастағы қейуана 4-ші қабаттан құлап, қайтыс болды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Келеңсіз жағдай шілденің 5-і күні Көкшетау қаласында орын алған. Бұл жөнінде Көкшетау қалалық І І Б кезекшілік бөліміне кешкі уақыт 20:00 шамасында Ақмола облыстық ауруханасының дәрігері хабарлаған. Оның сөзіне қарағанда, түрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөліміне 1933 жылғы әйел адам түсіп, ұзамай көз жұмған. Ал, мерт болған қарияның немересінің айтуынша, әжесінің көзі нашар көретін және үйде байқаусыз жалғыз қалған. Сондықтан есік ашамын деп терезеден абайсызда құлап кетуі мүмкін.

Қазір кезде аталған оқиғаға байланысты тексеру жүргізілуде», деп көрсетілген хабарламада. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!