Астанадағы "Артем" сауда үйінің күзетшілері қылмыстық жауапқа тартылмайды

Фотография - Астанадағы "Артем" сауда үйінің күзетшілері қылмыстық жауапқа тартылмайды

"Артем" сауда үйінің қауіпсіздік қызметкерлерінің Астанадғы маусым айында болған іс-әректінен қылмыстық құқық бұзушылық анықталған жоқ, деп хабарлайды Today.kz қаланың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

247 0

""Артем" сауда үйінің қауіпсіздік қызметкерлерінің іс-әректінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жоқ. Жекеменшік фирмаларда жұмыстан шығару, жұмысқа қабылдау мәселелері ІІБ құзырына кірмейді. Жеке кәсіпкерлік күзет қызметінің субьектісі болып келмейді, сәйкесінше кезекші кеңесшілер жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері болып келмейді", - делінген редакция сұранысына жіберген ресми жауапта.

Сондай-ақ, болған жайттың өзге қатысушыларына қатысты тергеу жүріп жатқанын да айтып өтті ІІД-ден.

Еске салсақ, 16 маусым күні полиция қызметкерлері Астанадағы "Артем"  сауда үйінің маңында бұзақылық әрекетті тоқтатқан болатын.  "Артем" сауда үйінің қауіпіздік қызметі мен үш балалы кемтар әйел қайыр тілеп сауда үйіне кірмек болған сәтте арада қақтығыс туындаған. Уақыиға болған жерде бірден адамдар топтанып кеткен. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері төбелеске қатысты 18 адамды ұстаған.  Бес қылмыстық іс қозғалды.

Кейін белгілі болғандай, төбелеске қатысқан екі адам "Бұзақылық" және "Билік өкіліне бағынбау" баптары бойынша айыпталды. Кінәлілер 2 жыл және 6 ай мерзімдеріне сотталып, 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

Кейінірек, "Артем" сауда үйінің маңында болған жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқан адам да 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!