Алматыда Сайран көліне батып өлгісі келген қыз құтқарылды

Фотография - Алматыда Сайран көліне батып өлгісі келген қыз құтқарылды

Алматы құтқарушылары Сайран көліне батып өлгісі келген бойжеткенді құтқарды

267 0

Алматы құтқарушылары Сайран көліне батып өлгісі келген бойжеткенді құтқарды. 26 жасар қыз бала бүгін түнде өмірімен қош айтысқысы келген. Бұл туралы қалалық Құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Гаухар Нөкербекова хабарлады.

Түнгі 03.05-те дереу әрекет еткен құтқарушылар  алғашқы көмек көрсетіп, қыздың өмірін арашалап қалды.

Қазір қыз №7 ауруханаға жеткізілді.

Гаухар Нөкербекова көлге шомылуға келгендердің қауіпсіздік шараларын сақтанбауының салдары қауіпті жағдайда әкеп соғып жатқанын жеткізді.

Кеше 19:25-те Сайраннан 27 және 16 жастағы бозбалалар құтқарылды. Екеуіне де сол жерде құтқарушылар реанимациялық әрекет жасап, жедел жәрдем арқылы №7 ауруханаға жеткізді.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қала әкімі Ахметжан Есімовтың тапсыруымен Сайран көлінде тәулік бойғы кезекшілік жүргізіліп жатқанын айтты. 4 құтқарушы, 1 дәрігерден тұратын бригада суға түскендердің қауіпсіздігін күзетіп жүр. 

 

ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!