Қайрат Жамалиев мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды (сурет, бейне)

Фотография - Қайрат Жамалиев мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды (сурет, бейне)

Астана қаласының қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық соты "Әліби ісі" бойынша үкім шығарды

495 0

Астана қаласының қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық соты "Әліби ісі" бойынша үкім шығарды. Сот шешімі бойынша Қайрат Жамалиев мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді, деп хабарлайды Today.kz.

Қайрат Жамалиев үш бап бойынша айыпты деп танылды: 194-бап  – "Бопсалаушылық", 126-бап - "Заңсыз еркінен айыру", 121-бап  - "Сексуалдық сипаттағы зорлық көрсету".

Арман Әбілтаев мүлкі тәркілене отырып, 12 жылға сотталды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Анатолий Прибытков мүлкі тәркілене отырып, сегіз жылға сотталды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді

Естеріңізге салсақ, белгілі астаналық кәсіпкер Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұлов ісі бойынша күдікті болған. Ұлының соққыға жығылғаны туралы оның әкесі хабарлаған болатын. Бұл іске үш адамды айыптаған: Қайрат Жамалиев, Арман Әбілтаев пен Анатолий Прибытковты.

Қайрат Жамалиевке жоғарыда көрсетілген үш бап бойынша айып тағылған.

Пайымдаулар бойынша, екі арадағы жанжалға Айнұр Исина деген әйел себеп болған. Сондай-ақ, мұның алдында Жамалиевтің заңды некедегі жұбайы  Алена Жамалиева БАҚ-қа интервью берген болатын.

Жамалиев пен Прибытковқа қатысты жабық түрдегі сот ісі 15 маусымда басталған еді.

Сонымен қоса, белгілі болғандай зардап шеккен жақ миллион доллар көлемінде материалдық шығын ретінде өтемақы талап етуде.

Кейінірек Қайрат Жамалиев сот алдында соңғы сөзін айтқанда, бұрынғысынша кінәлі еместігін, өзінің алданғанын айтқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!