ШҚО-да түсті металл өндіру шахтасында 61 жастағы ер адам опат болды

Фотография - ШҚО-да түсті металл өндіру шахтасында 61 жастағы ер адам опат болды

6 тамызда "Шығыстүстімет" ЖШС Ертіс өндірістік кешеніне қарасты Ертіс шахтасында қайғыла оқиға орын алды. Түнгі сағат 22.30-да қоймаға жүк тиелген вагондарды жеткізу барысында бірнеше вагон құрамадан ажырап кетіп, мердігер компанияның екі жұмыскері вагондар арасында қысылып қалды

345 0

6 тамызда "Шығыстүстімет" ЖШС Ертіс өндірістік кешеніне қарасты Ертіс шахтасында қайғыла оқиға орын алды.  Түнгі сағат 22.30-да қоймаға жүк тиелген вагондарды жеткізу барысында бірнеше вагон құрамадан ажырап кетіп, мердігер компанияның екі жұмыскері вагондар арасында қысылып қалды. 

Оқиға салдарынан 1954 жылы туылған бекіту материалдарын жеткізуші маман мерт болып, 1962 жылы туылған оның әріптесі ауыр жағдайда Глубокое ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиғаның себебін тексерумен арнайы құрылған комиссия айналыспақ.

"KAZ Minerals тобының" ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына, достарына қайғырып көңіл айтады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!