Жамбыл облысында пара алған колледж директоры мен оның орынбасарына жаза белгіленді

Фотография - Жамбыл облысында пара алған колледж директоры мен оның орынбасарына жаза белгіленді

Шу аудандық сотымен Шу ауданы колледжінің директоры Сағат Бұралқиевке және оның оқу-өндірістік жағынан орынбасары Сәния Сәдуақасоваға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінен.

361 0

Шу аудандық сотымен Шу ауданы колледжінің директоры Сағат Бұралқиевке және оның оқу-өндірістік жағынан орынбасары Сәния Сәдуақасоваға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінен.

«С.Бұралқиев мемлекеттік міндеттерді атқаруға теңестірілген тұлға бола тұра, қызметтік жалған құжат жасау арқылы пайда табу мақсатында ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізіп, 12 000 теңге пара алған. Аудандық сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 2 тармағы (пара алу), 369-бабы 1 тармағымен (қызметтік жалған құжат жасау) кінәлі деп тапты. ҚР ҚК-нің 58 бабының 3-тармағына сәйкес сотталушыға түпкілікті 1 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалып, өмір бойына белгілі бір лауазымдық қызметпен айналысу құқығынан айырылды», делінген хабарламада.

Директордың орынбасары С.Сәдуақасова ҚР ҚК-нің 368-бабы 2-тармағымен (парақорлыққа делдал болу) кінәлі деп табылды. Сот оған 240 000 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындап, өмір бойына белгілі бір лауазымдық қызметпен айналысу құқығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енбеген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!