Қайрат Жамалиев сот үкімін өзгертуге шағым бермек

Фотография - Қайрат Жамалиев сот үкімін өзгертуге шағым бермек

Бұл туралы Жамалиевтің адвокаты Мұхамедқали Шайхин хабарлады

355 0

13 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Жамалиев сот үкімін өзгертуге шағым бермек, бұл туралы Today.kz тілшісіне адвокат Мұхамедқали Шайхин хабарлады.

"Үкіммен толық танысқаннан кейін біз оны өзгертуге шағым бермекпіз. Мен қалай болса да Қайрат Жамалиевпен кеңесем. Біз және жеке мен үкіммен келіспейміз. Үкім жарияланғаннан кейінгі процессуалдық мерзім – 15 күн, осы уақытта біз үкімді өзгертуге шағым беруге құқымыз бар", - дейді адвокат.

Естеріңізге салсақ, бүгін тамыздың 7 Астана қаласының қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық соты "Әліби ісі" бойынша үкім шығарды. Сот шешімі бойынша Қайрат Жамалиев мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Арман Әбілтаев мүлкі тәркілене отырып, 12 жылға сотталды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Анатолий Прибытков мүлкі тәркілене отырып, сегіз жылға сотталды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Сот Жұмағұловтың 200 миллион теңге көлеміндегі моральдық шығын ретінде өтемақы төлеу туралы талабын қараусыз қалдырды.

Кейінірек, Әліби Жұмағұлов сот үкімінөзгеруге шағым бермейтіні белгілі болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!