634

Қазақстандықтардың өмірін Түркиядағы сол бір трасса жалмап жатыр

Аида Сарабаева да мұның алдындағы оқиғада Қостанайлық Константин Иванов та ьір күре жолда қаза болған
Фотография - Қазақстандықтардың өмірін Түркиядағы сол бір трасса жалмап жатыр

ҚР СІМ Аида Сарабаева Түркиядағы экскурсиялық автобусының апатынан қайтыс болғандығын растады, деп хабарлайды Today.kz.

"Біз соңына дейін Аида Сарабаева жаралылар тізімінде болады деп үміттендік. Өкінішке қарай, бүгін денені таныды. Ол сол жерде қаза болған. Сарабаеваның жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз. Біз оның әкесі "Астана" арнасында оператор болып істейтінін білеміз. Қазіргі кезде оның ата-анасы Алматыдан Антальяға аттануда. Ол жерде консул қажетті көмектің бәрін жасауда", - деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Абибуллаев.

Абибуллаев, бойжеткеннің денесі Қазақстанға сақтандыру компаниясының есебінен жеткізілетінін айтты. Сарабаеваның ата-анасы денені Қарағандыға әкелгісі келген, алайда Анталья мен Қарағанды арасында тікелей рейс жоқ. Алғашқы мүмкіндікпен денені Астанаға жеткізеді.

"ҚР барлық азаматтары сақтадырылған. Бұл жағдайда сақтандыру консульдық жұмысқа оң септігін тигізіп, медециналық қызмет сақтандыру компаниялары арқылы жүргізіледі", - дейді СІМ өкілі.

Дәл осы Памуккале-Анталия  күре жолында Қостанай тұрғыны Константин Иванов та қайтыс болғанын айта кету керек.  

"Жалпы жыл басынан Антальяда 12 қазақстандық қайтыс болған, олардың үшеуі – ЖКО салдарынан. Тоғыз адам денсаулығы нашарлағаннан, мүмкін климаттың ауысуынан", - дейді Алтай Абибуллаев.

Загрузка...