Павлодар облысында Темірлан Мұхтаровтың денесі табылды

Фотография - Павлодар облысында Темірлан Мұхтаровтың денесі табылды

Баланы балықшылар тауып алған

183 0

Бесінші тамыз күні жағажайда жоғалып кеткен төрт жасар Темірлан Мұхтаровтың денесін бүгін жағажайдан сегіз километр жерден балықшылар тауып алған, деп хабарлайды Павлодардан Today.kz тілшісі.

Таңғы 9 кезінде 112 кезекші пультына жағажайдан баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Біз болжам жасағандай, егер бала суға батып кеткен болса, оның денесі үш күннен кейін су бетіне шығу керек болған. Бүгін таңертең балықшылардан хабар келіп түсті. Оның денесі екі күн су астында жатып, үшінші күні су бетіне шыққан. Оны "жұмысшылар аралы" аталып кеткен жерден тапқан. Ол жерде жылы ағындар жүреді. Сүңгуірлер осы уақытқа дейін көпір маңын тексерген, ал ол болса ол маңнан баяғыда өтіп кеткен. Сондықтан біз оны осынша уақыт бойы таба алмағанбыз. Дегенмен, біз бүгін дененің табылатыны туралы хабарлама күткен едік", - деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД су-құтқару қызметінің жетекшісі Владимир Власов.

Естеріңізге сала кетейік, Темірлан ағасымен бірге шомылуға кеткен. Жағажайда 9 бала мен 5 ересек адам болған. Үш тәулік бойы баланы еріктілер іздеген. Көріпкелдер бала суға кеткен жоқ – оны ұрлап кетті немесе адасып жүр деген болатын. Темірлан отбасындағы үшінші бала еді. жалпы Мұхтаровтар төрт баланы тәрбиелеп отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!