"Спайсқа мас жүргізушінің" ісі сотқа жолданды

Фотография - "Спайсқа мас жүргізушінің" ісі сотқа жолданды

Ол бес жылға дейін жүргізушілік куәлігінен айырылуы мүмкін

171 0

Сараптама Алматыдағы ЖКО қатысы бар адамның есірткіге мас болғанын анықтады, деп хабарлайды Today.kz Алматы ІІД сілтеме жасай         отырып.

"Сараптама нәтижесі – есірткіге мас болған. Материал толтырылды, көлік айып тұрағында, жүргізушіге протокол толтырылды. ЖКО мен есірткі пайдалаеған күйде басқару фактісі бойынша іс ауданаралық әкімшілік сотқа жөнелтілді", - деп хабарлады полициядан.

"Есірткі немесе алкогльге мас күйінде басқару" бабы бойынша жүргізушілік куәлігінен бес жылға дейін айырылу қарастырылған.

Естеріңізге салсақ, 6 тамыз күні сайттардың бірінде "Под "спайсом" попал в ДТП" деп аталған бейнеролик жарияланған болатын. Тимирязев пен Марков көшелерінің қиылысында көліктер соқтығысқан еді. Куәгерлер қарсы жолға шығып кеткен жүргізуші Әлім Наурызбаевпен тілдесуге тырысқан болатын. Дегенмен, "Ер адамның аузынан көбік ағып, мүлдем ес жия алмады", - дейді олар.

Жүргізушінің өзі болса, жағдайды қауіпсіздік жастықшасының соққысынан ес жия алмай отырғанмын деп түсіндірген еді. Оның үстіне ер адам алкогольдік ішімдік те, есірткі де пайдаланбағанын айтады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!