Алматыда "Чукотка" барындағы төбелес: сот қайталама сараптама тағайындады

Фотография - Алматыда "Чукотка" барындағы төбелес: сот қайталама сараптама тағайындады

Алматының қалалық сотында Александр Кузнецовтың ісі апелляциялық тәртіпте қаралып жатыр

285 0

Алматының қалалық сотында Александр Кузнецовтың ісі апелляциялық тәртіпте қаралып жатыр, деп хабарлайды Today.kz тілшісі сот залынан.

Қарастыру барысында, сот медициналық-соттық криминалистикалық  және биологиялық сараптаманы қайталап өткізуді беккітті. Тыңдау ауыстырылды.

Сараптаманы қайта жүргізуді зардап шеккен жақ сұрады. Олардың мәліметінше "өлім (Сырыма Мұратқалиевтың)  бұрын айтылғаннан гөрі ауыр жарақаттардан, қан кетуден болған".  Мұның алдында Кузнецов айтып берген үш-төрт соққы айтылған болатын.

Сондай-ақ, зардап шеккен жақ "Болған жайттан кейін Кузнецов кешірім сұрап, өкінген жоқ" дейді. Сотталушы өзінің кінәлі еместігін айтады "Мен қорғандым және Конституция бойынша өз құқықтарым үшін өтеу төлеуім керек емес", - деуде.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың маусым айында Александр Кузнецов абайсызда Сырым Мұратқалиевты өлтіріп алғаны үшін қоныс-колниясына бір жарым жылға сотталған болатын. Төбелес 2015 жылдың 7 наурызында орын алған. Ол күні Александр Кузнецов достарымен "Чукотка" барында демалып жүрген, ол Сырым Мұратқалиев және Евгений Фроловпен сөзге келіп қалған және сыртқа шыққан соң жанжал төбелеске ұласқан.

Куәгерлердің айтуынша, төбелес кезінде Кузнецов бірнеше рет Мұратқалиевты бетінен ұрған, содан ол есеңгіреп құлап барып шүйдесімен асфальтқа құлаған.

29 маусым күні Алматының Медеу ауданының соты Кузнецовты ҚР ҚК 104-бабы "абайсызда өлтіріп алу" бойынша қоныс-колониясына 1,5 жылға  соттаған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!