1547

Ақтауда түнгі клубтағы төбелес соңы атысқа ұласқан

Өткен аптада Ақтаудағы "Cube" түнгі клубында төбелестің соңы атыспен аяқталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Фотография - Ақтауда түнгі клубтағы төбелес соңы атысқа ұласқан

Өткен аптада Ақтаудағы "Cube" түнгі клубында төбелестің соңы атыспен аяқталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Оқиға өткен сенбі күні болған. Би алаңында келіспей қалған жігіттер ғимараттың екінші ярусында төбелесе бастаған. Куәгерлердің айтуынша, күдіктілер қолдарына түскен нәрсенің барлығын лақтырып, артынан тапаншаның даусы естілген. Кейін анықталғандай, төбелесіп жүрген жігіттің бірі бірнеше рет оқ атқан.

Маңғыстау облыстық баспасөз қызметінің өкілі Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, ешкім зардап шекпеген.

"Түнгі клубта төбелес болып, артынан оқ атылғаны рас. Қазіргі таңда күдіктілердің барлығын ұстадық. ҚР Қылмыстық кодексінің «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерден жауап алынып жатыр. Тергеу амалдарының аяқталмауына байланысты толық ақпарат берілмейді",-деді Азамат Сәрсенбаев.

 

Bnews.kz

 

Загрузка...