Ақмола облысында асыл тұқымды бұзауларды ұрлаған күдікті ұсталды

Фотография - Ақмола облысында асыл тұқымды бұзауларды ұрлаған күдікті ұсталды

Ақмола облысында асыл тұқымды үш бас бұзауды ұрлаған күдікті ұсталды.

138 0

Ақмола облысында асыл тұқымды үш бас бұзауды ұрлаған күдікті ұсталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, Ақкөл аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті ЖШС-нің бірінің директоры хабарласып, санақ кезінде 5-6 айлық үш бас ангус бұзауларының жетіспейтінін айтып шағымданған. Жалпы, шығын көлемі 900 мың теңгені құрады.

Осыған орай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында жергілікті, Ақкөл ауданының 1986 жылғы тұрғыны қолға түсіп, ұрланған малдың жүрген жері анықталды.

Қазіргі кезде, күдікті қылмысын мойындап, үстінен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлімі "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!