Атырау облысында ер адамды ұрып-соққан полиция қызметкері сот алдына келді

Фотография - Атырау облысында ер адамды ұрып-соққан полиция қызметкері сот алдына келді

Жылыой аудандық сотында азамат С.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

352 0

Жылыой аудандық сотында азамат С.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сотта дәлелденгендей, сотталушы С. аудандық ішкі істер бөлімі учаскелік инспекторының көмекшісі міндетін атқара жүріп, өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, Құлсары қаласының тұрғынына күш қолдану арқылы дене жарақаттарын салған.

Сот үкімімен сотталушы С. Қылмыстық кодекстің 308-бабының 4-бөлігінің "а" тармағымен кінәлі деп танылды. Осы бап бойынша оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан және 5 жылға құқық қорғау органдарында қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!