Алматы облысында бұрынғы әкім орынбасарына пара алғаны үшін 22 млн теңге айыппұл салынды

Фотография - Алматы облысында бұрынғы әкім орынбасарына пара алғаны үшін 22 млн теңге айыппұл салынды

Алматы облысы Райымбек аудандық соты аудан әкімінің бұрынғы орынбасары К. Төлепбердиевке қатысты қылмыстық істі қарады.

791 0

Алматы облысы Райымбек аудандық соты аудан әкімінің бұрынғы орынбасары К. Төлепбердиевке қатысты қылмыстық істі қарады.

Облыс сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, лауазымды тұлға бола тұра К. Төлепбердиев жер учаскесін бергені үшін азамат С-дан 370 000 теңге көлемінде пара алған.

Соттың 2015 жылғы 10 тамыздағы үкімімен К. Төлепбердиев ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігінде (едәуір деңгейде пара алу) көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды.

Оған   жеке мүлкін тәркілей отырып, алпыс есе сома көлемінде (22 200 000 теңге) айыппұл төлеу жазасы кесілді. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару органдарында жұмыс істеу құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

пара айыппұл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!