59 жастағы Есіл ауданының тұрғыны әйел үшін ауылдасын өлтірген

Фотография -  59 жастағы Есіл ауданының тұрғыны әйел үшін ауылдасын өлтірген

Әйел үшін ауылдасын өлтірген 59 жастағы Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғынына алдағы 13 жылын қатаң режимді түзеу колониясында өткізу жазасы тағайындалды

207 0

Әйел үшін ауылдасын өлтірген 59 жастағы Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғынына алдағы 13 жылын қатаң режимді түзеу колониясында өткізу жазасы тағайындалды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
Прокуратураның мәліметі бойынша 2014 жылдың 30 желтоқсанында таңғы уақытта Есіл ауданы Бірлік ауылының 59 жастағы тұрғыны мас күйінде өзімен бұрын бірге тұрған әйелдің үйіне барған. Ал, әйел болса, онымен ажырасқаннан кейін сол ауылдағы басқа еркекпен тұрып жатқан. Осы әйел үшін ауылдас екі ер адамның арасында жиі кикілжің болып тұрыпты. Сондай бір сәтте араққа сылқия тойып алған 59 жастағы ер адам өзінің бұрынғы әйелі мен оның қазіргі күйеуінің үйіне барып, төсекте екеуі ұйықтап жатқан кезде ер адамды басынан балтаның қырымен салып жіберген. Ол сол жерде жан тәсілім еткен. Осы оқиғаның куәсі болған әйел бірден полицияны шақырған. Ал, өзінің бұрынғы әйелін қазіргі күйеуінен тартып алмақ болған 59 жастағы ер болса,  өзінің үйіне барып құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келетінін күткен.

2015 жылдың 21 сәуірінде Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтірген Бірлік ауылының 59 жастағы тұрғынын кінәлі деп танып,  қатаң режимді түзеу колониясында 13 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады.

Алайда,  кінәлі үкіммен келіспей қылмыс жасаған сәтте мерт болған адамның оның құқына қарсы және оғаш қылық көрсеткенін, адам өлтіруге ішкі толқу күйінде барғанын айтып сендірмек болды.

Ақмола облыстық сотының апелляциялық алқасы 2015 жылдың 17 шілдесінде іс материалдарын және шағым дәлелдерін зерделеп, сотталғанның кісі өлтіру ниеті кенеттен туындамаған және ол өз әрекеттерінің нақты сипатын және қоғамдық қаупін түсінген деген қорытындыға келген. Осыған байланысты, облыстық сот сотталғанның шағымы негізсіз деген қорытындыға келді, сондықтан сот үкімін күшінде қалдырды», деп көрсетілген хабарламада.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!