Дөнер сататын дүңгіршектің қожайыны мен "Пассаж" СО басшылығы өрттің неден шыққанын айтуда

Фотография -  Дөнер сататын дүңгіршектің қожайыны мен "Пассаж" СО басшылығы өрттің неден шыққанын айтуда

Дөнер сататын дүңгіршектің қожайыны мен "Пассаж" СО басшылығы 10 тамызда болған өрттің неден шыққанын айтуда, деп хабарлайды Today.kz.

209 0

Дөнер сататын дүңгіршектің қожайыны мен "Пассаж" СО басшылығы 10 тамызда болған өрттің неден шыққанын айтуда, деп хабарлайды Today.kz.

"Есенкой" дөнер сататын дүңгіршектің қожайының айтуынша, өрттің шығу себебіне сауда орталығының электригі кінәлі болуы мүмкін. Ол тоқтардың орнын ауыстырып алуы мүмкін дейді. "Қала бойынша бірнеше дөнер сататын жерім бар. Өрт болған кезде мен орнында болмадым, қызметші қоңырау шалып: "Өртеніп жатырмыз! " деді. Мен жұмысшылардан сұрастырдым. Өрт электр тоғынан шыққан. Кінәлі электрик, ол мүмкін бірдемені дұрыс жалғамаған", - деді "Есенкой" дөнер сататын дүңгіршектің қожайыны Ислам Мамедов.
"Пассаж" СО-ның басшысының орынбасары Ермұхан Жакишев өрттің неден шыққандығының өз ойын айтты. Оның ойынша, дөнержасаушы аспаз абайсызда отқа май құйып жіберген, соның себебінен от лап ете қалған. "Ашынғандар көп, бүкіл сауда орталығы қауіпсіз аймаққа көшірілді, ғимараттың ішінен ыстың иісі шығып тұр. Қазіргі уақытта жалға алушылардан қағаздар жинаудамыз. Көп залал келтірді, сонымен қатар Қонаев көшесі жағындағы алдыңғы жағын жөндеу керек. Өрт шыққан уақытта біз тез әрекет жасап өзіміздің өрт сөндіргіш құралдарымызбен сөндірмек болдық, бірақ өрттің көлемі ауқымды болды. Соның салдарынан жанындағы кафенің терезелері шағылып, жақын маңайдағы үйдің алдын жартылай от шырпыды", - дейді Ермұхан Жакишев

Ол, қазіргі уақытта сауда орталығының қалыпты жұмыс жасап жатқанын айтты, алайда өрт шарпыған екінші қабаттағы үш бутик жабық екенін айта кетті. Ең көп залал келтірілген "Маст Хэв" бутигі. Бутиктің қожайыны Сәуле Акишеваның айтуынша келтірілген залалдың жалпы құны 50 000 долларды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда "SilkWay" сауда үйінің қасына орналасқан донер орталығы өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамедова хабарлады.
"Кешкі 19.07-де Медеу ауданы Жібек жолы-Қонаев қиылыстарында орналасқан сауда үйіндегі өрт туралы хабарлама түскен соң оқиға орнына 13 бірлік техника мен бірнеше өрт сөндіруші бағытталды. Өрт 19.29-да ауыздықталды",- деді Сандуғаш Баймұхамедова.
Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Оның айтуынша, оқиға болған жерден 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.


Тегтер:

өрт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!