451

Алматыда тағы да донер дүңгіршегі өртенді

Əуезов ауданында №28 төрт қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан донер дүңгіршегі өртенді.
Фотография - Алматыда тағы да донер дүңгіршегі өртенді

 Əуезов ауданында №28 төрт қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан донер дүңгіршегі өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамедова хабарлады.
Оның айтуынша, оқиға орнынан 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіруге 3 техника жұмылдырылған. Өрт 15 шаршы метр аумақты зақымдады.

Тілсіз жау сағат 19.16-да ауыздықталды. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Загрузка...