576

Өскеменде аумағы 40 гектар жер өртенді

Өскеменде қала ішінде өнеркәсіп базасы аумағында ашық аумақтағы құрғақ шөп өртке оранды.
Фотография - Өскеменде аумағы 40 гектар жер өртенді

 Өскеменде қала ішінде өнеркәсіп базасы аумағында ашық аумақтағы құрғақ шөп өртке оранды. Жалын 40 гектар жерді шарпыған, деп хабарлады ШҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
"Жұмыс орнында 14 автоцистерна және жеке құрамнан 40-тан астам адам жұмыс істеуде. Жағдай бақылауға алынды. Өрт сөндірушілер жалынды таратпай, ауыздықтауға тырысуда. Қатты жел жағдайды күрделендіруде. Жақын елді мекендерге қауіп жоқ. ШҚО ТЖД офицерлік құрамы күшейтілген режімге ауысты", - деп атап өтіледі хабарламада.

Загрузка...