Куәгерлердің айтуынша, BMW жүргізушісі жолдың қақ ортасында 7 жасар ер баланы қағып кеткен. Салдарынан бала жедел жәрдем келгенше оқиға орнында ажал құшты.
Қайғылы оқиға 11 тамыз күні Оралда Жәңгір хан атындағы көшеде орын алды, деп хабарлайды nur.kz "Мой город" порталына сілтеме жасай отырып.
Куәгерлердің айтуынша, BMW жүргізушісі жолдың қақ ортасында 7 жасар ер баланы қағып кеткен. Салдарынан бала жедел жәрдем келгенше оқиға орнында ажал құшты.
Бүлдіршіннің ересектердің қарауынсыз жолда не істеп жүргенін ешкім де білмейді. Тек оның оқиға болған жерге жақын маңда тұратыны анықталды.
ЖКО орнына қаза тапқан балалардың туысқандары келді. Автокөлікті кім айдағаны әзірге белгісіз. Қазір оқиға орнында полицейлер мен анықтаушылар жұмыс істеуде.