Алматыда жас баланы қаққан мас әйелдер ЖКО болған жерден қашпақ болған (видео)

Фотография - Алматыда жас баланы қаққан мас әйелдер ЖКО болған жерден қашпақ болған (видео)

Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты Зайра Серикбаева мен Айгүл Есембаеваға қатысты қылмыстық істі қарауды әліде жалғастыруда. Олар төрт жасар баланы қағып, өлімші еткен, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

406 0

Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты Зайра Серикбаева мен Айгүл Есембаеваға қатысты қылмыстық істі қарауды әліде жалғастыруда. Олар төрт жасар баланы қағып, өлімші еткен, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.
Бүгін процесс кезінде қылмыстық іс бойынша анықтаушылар  сотқа жауап берді.  Полиция қызметкерінің біреуі жол көлік оқиғасы болған жерден қашпақ болғандығын айтты. "Басқару тұтқасы жағынан Серікбаева шығып, үйіне қарай қашты, ал Есембева болса, автокөлікке отырып ЖКО болған жерден алып кетпек болды. Серікбаева қашып құтылмақ болған жерден полиция қызметкерлері келіп оны тұтқындады", - дейді істі анықтаушы Аян Абдраимов.
Келесі бір анықтаушының мәліметіне қарағанда, кішкене уақыт өткеннен кейін әйелдерді ашуланған тобырдан құтқаруға тура келді. "Мен оқиға орнына келген кезімде, олар патрульдік автокөлікте отырды, оларды күзетіп, қорғап отырған. Баланың өлі екендігі анықталған кезде бір топ адам соларға қарай ұмтылды, яғни агрессия болды. Сол кезде мен, оларды куәландырыруға алып кетуді өтіндім. Бүкіл көше тұрғындары ЖКО  болған жерде болды: адам өте көп жиналды. Машинаны бүлдірмек болды", - деп түсіндірді кезекші анықтаушы Марат Кольбетов.
Сонымен қатар, зардап шегушінің туыстары бейнебақылау түсірген бейне көріністі көрсетті. Онда Toyota Rav4 Mersedes автомашинасын соғып, ары қарай газды басып, қаша жөнелгені анық көрініп тұр. Болжаумен, содан кейін Toyota Rav4 бесік арбасымен қызды соққан.
Естеріңізге сала кетейік, әйелдерді ҚР ҚК 345 бабы 3 тарауы (Көлiк құралдарын басқару, адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) және де ҚР ҚК  349 бабы 3 тарауы (Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру) бойынша айыптауда.
Тергеу жұмыстарының мәліметіне қарағанда, осы жылдың мамыр айында Қалқаман ықшам ауданында 34-жасар осы ауданның тұрғын және оның құрбысы, мас күйінде көлік айдап үйренбек болған. Сол кезде әйел жол жиегінде тұрған Mersedes автомашинасын соққан. Ары қарай газды басып, жүрісті жалғастыру барысында екі жаяу жүргіншіні қаққан:  15- жасар қызбен бесік арбасында отырған төрт жасар бала болған. Содан кейін "Тойота" жүргізіп келе жатқан жол ережесін бұзушы қарама-қарсы бағытта келе жатқан "Фольксвагенге" соқтығысып, артынша металдан жасалған газ жүргізілген трубаның тірегін соғып, соңында жағалай тұрған "Тойоту Каринаны" соққан. Автокөлік иесінің айтуынша, машинаны көлік айдауда тәжірбиесі жоқ және жүргізушілік куәлігі жоқ құрбысы жүргізген. Соқтығысу саладрынан төрт жасар бала қайтыс болды, оның 15-жасар әкпесінің аяғы сынып, балалар ауруханасына жатқызылды. 69-жасар "Фольксваген" жүргізушісі бас сүйек-ми зақымданып, миы шайқалған. Ер адамның туыстарының айтуынша, жол көлік оқиғасынан ер кісі инсульт алып, қазірде ауруханада жатқанын айтқан. Олар айыптаушыларға қатысты арызданбақ.
Ертеректе белгілі болғандай, оқиға болған күні, екі әйел литрге жуық арақ ішкен.

 


Тегтер:

Алматы ЖКО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!