Таразда жасырын шұжық цехынан шыққан өрттен бір адам зардап шекті

Фотография - Таразда жасырын шұжық цехынан шыққан өрттен бір адам зардап шекті

Таразда шұжық цехында шыққан тілсіз жаумен сегіз өрт сөндіру бөлімшесі 1,5 сағаттан астам уақыт алысты, деп хабарлайды Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

135 0

Таразда шұжық цехында шыққан тілсіз жаумен сегіз өрт сөндіру бөлімшесі 1,5 сағаттан астам уақыт алысты, деп хабарлайды Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
11 тамыз күні таңертең облыс орталығындағы Песчаный тұйық көшесінде шұжық цехында өрт шыққан. Ол 1 360 шаршы метр аумақты қамтыды. Цех барлық жабдықтарымен бірге жанып кетті. Өрт салдарынан цехтың 23 жасар жұмысшысы күйік алып, №2 қалалық аурухананың жансақтау бөлімшесіне жеткізілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 3 қосымша техника мен жеке құрамнан 53 адам жұмылдырылды.

Өрттің жылдам таралуына шатырдың тез жанатын конструкциясы мен өрт сөндіру қызметіне оқиға туралы кеш хабарлау себеп болған. 

Өрттің шығу себептері мен келтірілген материалдық шығын мөлшері анықталуда.


Тегтер:

Тараз цех өрт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!