Алматыда әйел адамды су таситын жүк көлігі басып қалып қайтыс болды (сурет)

Фотография - Алматыда әйел адамды су таситын жүк көлігі басып қалып қайтыс болды (сурет)

Тағы алты адам зардап шекті

471 0

Алматыда су таситын жүк көлігімен болған ЖКО нәтижесінде бір адам қаза болды және бір адам қатты зардап шекті, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

Оқиға Гроза көшесінде таңғы 10:30 шамаларында орын алған. Жүргізуші жүк көлігін игере алмай қалып, жол жиегінде тұрған "БМВ" көлігіне, одан кейін автобусқа соғылған. Кейін аударылып кетіп, сырғанаған күйі бағананы құлатады да екі жаяу жүргіншіні басып қалған. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізді. Сонымен бірге автобустағы бес жолаушы зардып шеккен. ЖКО себептері анықталуда.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!