Сот Татьяна Семченконы 2,5 жылға бас бостандығынан айырды

Фотография - Сот Татьяна Семченконы 2,5 жылға бас бостандығынан айырды

Сотталушы жазасын қоныс-колониясында өтейді

251 0

Бүгін Алматының Әуезов аудандық соты балабақшадағы ЖКО-ға кінәлі Татьяна Семченкоға 2,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі сот залынан.

"Сот ҚР ҚК 345 бабы бойынша айыпты деп танып, оған қоныс-колниясында екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру және бес жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру түрінде үкім шығарды", - деп оқыды сот шешімін судья Бақытжан Есенов

Көлікті сот иесіне қайтаруға шешім шығарды, сонымен қоса Семченконың мүлігіне тиым алынып тасталады.

Семченконың өзі зардап шеккен барлық балалардың ата-аналарынан кешірім сұрады..

Мұның алдында сотталушы мен прокурор процесуалды келісімге келіп. Прокурор Семченконың екі жыл алты айға соттап, жазасын қоныс-колониясында өтеу түріндегі жаза сұрағанын жазғанбыз.

Сонымен қоса Семченкрның қорғаушылары оның сырқатын есепке алуды сұраған. Қорғаушы жақтың мәліметінше, айыпталушы онкологиялық сырқаттың ауыр түрімен ауырады.

Еске сала кетейік, 20 мамырда "Таугүл" ықшамауданындағы Сүлейменов көшесінің бойында орналасқан №58 балабақшаның ойын алаңына жол талғамайтын "Тойото Ленд Крузер" көлігі басып кіріп, 5 жастағы Кәусар Жолдыбай қаза тапқан болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!