Жамбыл облысында өрт сөндіру бөлімінің бұрынғы бастығы ірі көлемдегі алаяқтығы үшін сотталды

Фотография - Жамбыл облысында өрт сөндіру бөлімінің бұрынғы бастығы ірі көлемдегі алаяқтығы үшін сотталды

Шу аудандық соты өрт сөндіру бөлімінің бастығын ірі көлемдегі алаяқтығы үшін соттады, деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінен.

219 0

Шу аудандық соты өрт сөндіру бөлімінің бастығын ірі көлемдегі алаяқтығы үшін соттады, деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Шу аудандық соты Б.Оразалиевқа қатысты қылмыстық істі қарастырған. Ол ҚР ҚК-нің 177-бабының 3-бөліміндегі "б,г" тармақшалары (Алаяқтық) қарастырған қылмысты жасағаны үшін айыпталып отыр.

Б.Оразалиев, лауазымын пайдалана отырып, алдау және сенімге қиянат ету арқылы өзгенің аса ірі көлемдегі мүлкін ұрлаған. 2012 жылдың наурыз айында ол азамат Б-ға "ЗИЛ" маркалы өрт сөндіру автоцистернасын сатып алып, оны өз атына рәсімдеуді ұсынған. Автоцистерна облыстық төтенше жағдайлар департаментінің иелігінде еді. Яғни. Б.Оразалиевтың оны сату құқығы болмаған.

Осылайша, өрт сөндіру бөлімінің бұрынғы бастығы азамат Г-ны әбестікке салып, оның 8 мың доллар көлеміндегі ақшасын иеленіп алған.

Шу аудандық сотының үкімі бойынша Б.Оразалиев ҚР ҚК-нің 177-бабының 3-бөліміндегі "б,г" тармақшаларымен айыпты деп танылды. Оған мүлкін тәркілеу және жалпы режимдегі түзеу колониясында 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!