Алматыда жүк көлігінің қатысумен болған ЖКО құрбандары екі адамға жетті

Фотография - Алматыда жүк көлігінің қатысумен болған ЖКО құрбандары екі адамға жетті

Зардап шеккен әйелдердің бірі баланы құтқарып үлгерген

195 0

Алматыда су таситын жүк көлігімен болған ЖКО салдарынан қаза тапқандар саны арты, ол – апат кезінде аялдамаа автобучс күтіп тұрған екі әйел адамдар. Куәгерлердің айтуынша олардың бірі үш жасар баланы жанға қарай итеріп жіберіп, аман алып қалған, депхабарлайды Today.kz тілшісі.

Зардап шеккен жол жиегінде тұрған көліктің иесі оқиға орнына жедел жәрдем мен полицияны шақырған, оның айтуынша жүк көлігінің жүргізушісінде "техпаспорттан өзге құжат болмаған".

Сонымен бірге, ауруханада жарақат алған тағы бес адам жатыр.

Естеріңізге салсақ, оқиға Каменка ықшамауданындағы 13 тамыз күні Гроза көшесінде таңғы 10:30 шамаларында орын алған. Жүргізуші жүк көлігін игере алмай қалып, жол жиегінде тұрған "БМВ" көлігіне, одан кейін автобусқа соғылған. Кейін аударылып кетіп, сырғанаған күйі бағананы құлатады да екі жаяу жүргіншіні басып қалған. Автобустағы бес жолаушы зардып шеккен. ЖКО себептері анықталуда.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!