Семченко басқа да зардап шеккен қыздың ата-анасына өтемақы төлеуге уәде берді (бейне)

Фотография - Семченко басқа да зардап шеккен қыздың ата-анасына өтемақы төлеуге уәде берді (бейне)

Татьяна Семченко тағы бір зардап шеккен қыздың ата-анасына өтемақы төлеуге уәде берді. Семченконың айтқанын Facebook әлеметтік желісіне Жанна Ахметова атты пайдаланушы орналастырыпты, деп хабарлайды Today.kz.

198 0

Татьяна Семченко тағы бір зардап шеккен қыздың ата-анасына өтемақы төлеуге уәде берді. Семченконың айтқанын Facebook әлеметтік желісіне Жанна Ахметова атты пайдаланушы орналастырыпты, деп хабарлайды Today.kz.

"Менің адвокатым көмек берілетінін білді, мен оған барынша қолдау білдірем. Мен сіздерің балаларыңызға көмек беруден бас тартпаймын. Бұл кінәні мен өмір бойы алып өтем. Түсінесіздер ме, мен қамаудамын... және менің 78 жастағы әкем мен жалғыз қызым бар. Олар өтем жасау үшін барын істеді",- деді Семченко сот залында өтемақы талап еткен тағы бір қыздың әкесіне.

Естеріңізге салсақ, сот Татьяна Семченкоға 2,5 жылға бас бостандығынан айырды және бес жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырды. Қорғаушының мәлімдеуінше ол айыбын толық мойындауда.

Оқиға 20 мамырда орын алған. 46 жасар Татьяна Семченко Toyota Land Cruiser көлігімен артында балалар ойнайтын беседка тұрған №58 балабақшаның қоршауына кіріп кеткен. Нәтижесінде бес жасар Кәусар Жолдыбай қаза болып, тағы бірнеше бала №1 қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Сот барысында қайтыс болған қыздың ата-анасы толық өтемақы берілгеннен кейін сотталушыға шағымы жоқтығы белгілі болды. Мұның алдында сотталушы мен прокурор процесуалдық келісім жасасқан. Сонымен бірге, Семченконың онколгиялық сырқаты бары белгілі болды.

 
 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!