ҚР ІІМ кепілсіз кредит беретін фирмаға алданған адмдарды іздеуде

Фотография - ҚР ІІМ кепілсіз кредит беретін фирмаға алданған адмдарды іздеуде

ІІМ тергеу департаменті мыңға жуық азаматтарды алдаған бір топ адамның алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізуде деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып.

154 0

ІІМ тергеу департаменті мыңға жуық азаматтарды алдаған бір топ адамның алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізуде деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып.

Тергеу жұмыстарының нәтижесінде, Ибраев Қуаныш Жұмакелдіұлы 2012 жылы қараша айынан 2013 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта, Астана қаласында  "Респект" ЖШС құрып, еліміздің басқада өңірлерінде филиалдар ашып, презентациялар ұйымдастырған. Оның компаниясы британдық "BANK OF KINGDOM" келісімі бойынша  аз пайызбен 1000 евро көлемінде кепілсіз кредиттер беретін болған. Алайда олар әр клиенттен алдын ала 75 мың теңге көлемде ақша алып, іс-түссіз жоғалып кеткен. Алданған клиенттер саны мыңнан асады.


Қазіргі уақытта Ибраев Қ.Ж. ұсталған, жәнеде қамауға алынды.


ҚР ІІМ тергеу департаменті, "Респект" ЖШС фирмасының басшысы Ибраевтың қолынан алданған клиенттер облыстық ішкі істер департаментіне және де қалалардың ікі істер басқармасына немесе ҚР ІІМ тергеу департаментіне мына мекен жай бойынша: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1, телефон .+7-7172-72-21-07 хабарласып аталған компанияға қатысты құжаттармен өтініш беруге болады.

 


Тегтер:

евро ҚР ІІМ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!