Қырғызстандық екі келіншек денесіне есірткі таңып Қазақстанға өтпек болған

Фотография - Қырғызстандық екі келіншек денесіне есірткі таңып Қазақстанға өтпек болған

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын өткізбек болған қырғызстандық екі азаматшаны ұстады

177 0

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын өткізбек болған қырғызстандық екі азаматшаны ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты «Қордай-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды Қырғызстаннан келе жатқан әйелді тоқтатқан.

Жүрісі күдікті болып көрінген 32 жастағы әйелді тексеру кезінде шекарашылар оның денесінен «скотчпен» оралған 4 түйіншек тапты. 

Оның «гашиш» екендігі анықталды. Жүктің салмағы 402 грамм болып шықты.

Сол күні түстен кейін жоғарыда аталған бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды қырғызстандық тағы бір азаматшаны ұстады. Қызметтік иттің көмегімен тексеру кезінде оның да денесінен салмағы 306 грамм 05 мг. болатын «гашиш» табылды.

Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!