Комаға түскен BI Group қызметкерінің туыстары оқиға орнынан фото және видео алды

Фотография - Комаға түскен BI Group қызметкерінің туыстары оқиға орнынан фото және видео алды

BI Group құрылыс компаниясының қызметкері Бақытжан Досмағамбетов комаға түскен оқиғаның куәгерлері табылды.

221 0

BI Group құрылыс компаниясының қызметкері Бақытжан Досмағамбетов комаға түскен оқиғаның куәгерлері табылды. Астана қаласының  бір ресторанының тұрағында орын алған оқиғаның неден болғандығын куәгерлер жансақтау бөліміне түскен ер адамның туыстарына көмегін тигізді. Бұл туралы Today.kz тілшісіне жәбірленушінің әкесі Игорь Досмағамбетов айтып берді.

"Куәгерлер табылды. Көптеген адамдар көмектесуде. Қоңырау шалушылар өте көп, көбі суреттер мен бейнелер жіберуде. Қанша жүгірдім, сұрадым, ешкім ештемені толық айтпағады. Ал, енді бір тәулік ішінде барлығыда айқын болды. Қазір қолда бар ақпаратты полицияға бердік, олар керекті анализ жасауда. Біздің қайғымызға отақтасып, қол ұшын беріп көме жасағандарға алғысымыз шексіз. Мен ары қарайда осы бағытта іздестіруді жалғастырамын. Қазіргі кезде Баламның комадан шығып, денінің сау болғаны ең маңызды дүние болып тұр", - дейді Игорь Досмағамбетов.
Сондай ақ полиция қызметкерлері анализдерді толыққанды аяқтамағанша себебін айта алмайтын айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, туыстардың болжауынша тамыз айының 8 нен 9 на қараған түні  сағат  2:30-3:00 шамасында Astana Music Hall ("Кувшин" халық арасында) ресторанының тұрағында Бақытжан Досмағамбетовты машина қағып кеткен. Әлеуметтік желі бойынша туыстары оқиға куәгерлерін іздеген болатын. 


Тегтер:

Астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!