Алматы маңында қаларалық автобус аударылып қалды

Фотография - Алматы маңында қаларалық автобус аударылып қалды

Қаларалық автобус Шымкенттен Алматыға келе жатқан

185 0

Алматы маңында, Алматы-Бішкек күре жолында қаларалық аытобус аударылып қалды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

ЖКО бүгін таңғы сағат 9 шамасында, "Барыс" көлік базарының қарсысында, Қаскелеңнен алыс емес тұста орын алған. Рейстік автобус Шымкенттен Алматыға келе жатқаны белгілі болды. "ЖКО туралы ақпарат таңғы тоғызда келіп түсті. Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы мәлімет жоқ. ЖКО себептері анықталуда", - деп хабарлады Алматы облысының ІІД.

Куәгерлер Қаскелеңнің ауруханасына " 20 шақты жедел жәрдем көлігі ұшып өтті" деп айтады.

ТЖ орын алған жерде Today.kz тілшісі жұмыс істеуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!