Шымкент- Алматы қаларалық автобусының аударылуынан 10 шақты адам зардап шекті (фото)

Фотография - Шымкент- Алматы қаларалық автобусының аударылуынан 10 шақты адам зардап шекті (фото)

Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді

260 0

Алматы облысында жолаушылар автобустың аударылуы нәтижесінде он шақты адам зардап шеккен, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Барлығы да Қаскелеңнің аудандық ауруханасына жеткізілген. ЖКО салдарынан қаза болғандар жоқ деп хабарланды. Кейбір мәліметтер бойынша рейстік автобустың жүргізушісі де ауруханаға жатқызылған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда "автобустың жүргізуші отыратын жағы қатты қисайған".

ЖКО себептері анықталуда.

Белгілі болғандай, автобус салонында 40 шақты жолаушы болған. Естеріңізге салсақ, бүгін Алматы маңында Алматы-Бішкек күре жолында қаларалық автобус аударылып қалған болатын.

ЖКО бүгін таңғы сағат 9 шамасында, "Барыс" көлік базарының қарсысында, Қаскелеңнен алыс емес тұста орын алған. Рейстік автобус Шымкенттен Алматыға келе жатқан.

ТЖ орын алған жерде Today.kz тілшісі жұмыс істеуде.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!