Ақтөбеде жүк көлігін тонаған 4 ер адам сотталды

Фотография - Ақтөбеде жүк көлігін тонаған 4 ер адам сотталды

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабы 2- бөлігінің 1,2,3 тармақтары бойынша 4 азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

155 0

Мәртөк аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабы 2- бөлігінің 1,2,3 тармақтары бойынша  4 азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай,  2013 жылы 18 маусым күні Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы "Ақтөбе-Жайсан" тас жолында  сотталушылар ұрлық жасаған. Алдын ала сөз байласқан топ жолда тұрған  жүк таситын машина жүргізушісінің ұйықтағанын пайдаланып, фургонның құлпын заңсыз бұзып 12 шелек "Виникор-62" бояу ұрлап алған.

2015 жылы 29 қаңтар күні «Ақтөбе-Жайсан» тас жолында  сотталушылар дәл осы жолмен фургонның құлпын заңсыз бұзып, автокөлік ішінен 28 қорап "Рафаэлло" кәмпиттерін, 74 қорап "КиндерСюрприз" кәмпиттерін ұрлаған. Осылайша олар жапа шегуші ЖШС-ға 218 800 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Олар бұл амалмен тағы құны 375 210 теңгені құрайтын «Джинн» шекілдеуігінің 132 блогын жымқырған. 

Сот барлық іс материалдарын зерделеп, шекілдеуікті ұрлау жағдайы бойынша сотталушылардың бұрын сотталмағандығын ескеріп, қылмыстық жағымсыз әрекеті ауырлығы орташа қылмыс санатына жататындығын іс өндірісін қысқартты.

Басқа қылмыстар бойынша айыпталушылар кінәлі деп танылып, екі тонаушының бостандығын 2 жылға, қалған екеуінікін 3 және 4 жылға шектеді. Сонымен қатар олардың мүлкі тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енбеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!